«Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығы (2026.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

Сауда саласында мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің 2020 жылғы 16 наурыздағы № 51-НҚ бұйрығы

(2026.17.04. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)

 

Осы бұйрыққа өзгерістер енгізу туралы ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2026 жылғы 26 наурыздағы № 144-НҚ бұйрығын қараңыз (2026 ж. 12 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі)

 

ҚР Сауда және интеграция министрінің м.а. 2025.04.11. № 312-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 9 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2026.26.03. № 144-НҚ бұйрығымен (2026 ж. 17 сәуірден бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) кіріспе жаңа редакцияда

«Мемлекеттік және әлеуметтік жауапкершілігі бар қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1. Мыналар:

1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес «Жекелеген тауар түрлерінің импортына және (немесе) экспортына лицензия беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында тауарлардың жекелеген түрлерінің экспортына және (немесе) импортына рұқсат беру» мемлекеттiк қызмет көрсету қағидалары;

3) ҚР Сауда және интеграция министрінің 2021.09.08. № 486-НҚ бұйрығымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

2. Осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.

3. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Ішкі сауда департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.